Арыс қаласының Қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған Әлеуметтік даму және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Алмаханбет Нұрмаханбетұлының төрағалығымен өткен жиынға Әлеуметтік даму және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде мына мәселе қаралды. Атап айтсақ, Ауылдық округтерде тұратын тұрғындардың әлеуметтік жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік жәрдемақыларды тұрғындарға хабарлау барысы және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар туралы атқарылған жұмыстар туралы, Монтайтас ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сабит Исабеков және Қожатоғай ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Әділхан Аженов баяндама жасады.
Жиын барысында Әлеуметтік даму және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Жиынды қорытындылай келе, Әлеуметтік даму және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Алмаханбет Нұрмаханбетұлы жиынға қатысушылардың қызметтеріне сәттілік тіледі.