Арыс: Футболдан қалалық іріктеу жарысы өтуде

Спорт – денсаулық кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын жақсарту мәселесіне айрықша назар аударуды айтқан болатын. Осы орайда, қаламызда орналасқан спорт кешенінде қала жастарының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін «Былғары доп» спорт түрінен 2005-2010 жылдары туған мектеп оқушылары арасында қалалық іріктеу жарысы өтуде.Жарыстың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Егізбаев, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ә.Момбеков қатысты. Салтанатты ашылу шарасында қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев сөз сөйлеп, жас футболшыларды спорт мерекесімен құттықтап, облыс біріншілігінде футболшыларымыз қаламыздың намысын абыроймен қорғай беруін тіледі.Айта кетейік, жарысқа осыған дейін қала және ауылдық округ мектептерінің базасында мектепшілік аймақтық сайыстар өткізіліп, жүлделі орын алған 24 команда қалаішілік іріктеуге қатысуда.Іріктеуден өткен командалар 2021 жылдың 3 желтоқсан күні Қазығұрт ауданында өтетін аймақтық кезеңге жолдама алады. Аймақтық кезеңде Арыс, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт ауданының мектеп командалары 10 желтоқсанда Түркістан қаласында өтетін облыстық кезеңінің жолдамасын сарапқа салады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі