Г.Құрманбекова: Базар – өркениет орталығына айналуы тиіс

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қаланы аралау барысында Орталық базарға барып, сауда алаңының бүгінгі жай-күйімен танысты.⠀Анығында Орталық базар аумағындағы антисанитарлық жағдай сатушылар мен тұрғындардың бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отырғаны жасырын емес. Осыған орай, Гүлжан Мамытқызы жауапты басшыларға қоқыс қалдықтарының уақтылы шығарылуын қадағалауды және сауда павильондары аумағында тазалық шараларын ұйымдастыруды тапсырды.Базар ішіндегі әр бұрышта бей-берекет орналасқан қоқыс алаңдарын базар иесі ретке келтіру керектігін айтып, мұндай әрекет бұдан әрі жалғасатын болса айыппұл салынатынын ескертті.Сондай-ақ, шара барысында базар маңында орналасқан кейбір сауда дүңгіршектерінің ретсіз орналасуы мен олардың жүргіншілерге қолайсыздық тудыратыны да айтылды.⠀– Кейбір сауда нүктелерінің жайсыз орналасуы мен арнайы автотұрақтың болмауы қаланың санитарлық тазалығы мен тұрғындар қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Осыны ретке келтіруіміз керек. Базар – өркениет орталығына айналуы тиіс, – деді Гүлжан Мамытқызы.⠀Сонымен қатар, сауда дүкенінің иесі өзіне іргелес аумақтың тазалығына жауапты екені айтылып, тазалық-санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда айыппұл салу керектігін тілге тиек етті.⠀Бұдан бөлек, жауапты сала мамандарына базар айналасындағы автотұрақ мәселесін шешудің жолдарын қарастырып, ұсыныспен келуді тапсырды.⠀Қала басшысы барлық тапсырмалар өзінің бақылауында болатынын, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.⠀

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі