Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі және ҰҚК-нің қызметкерлерімен бірлесе жасалған жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында, Абай ауылына қарасты таубөктерінде, Каменка ауылының тұрғыны, 1989 жылы туылған азаматтан заңсыз сақтап келген АКСУ-74 маркалы автомат қаруы жәнеде басқада тегіс ұңғылы атыс қарулар, 5,45 калибірлі бірнеше оқ дәрілер тәркіленіп алынды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 287 бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Алынған қару жарақтардың бұрын болған қылмыстарға қатысын бар жоғын анықтау үшін сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.
ЖО ПД баспасөз қызметі