Көлік нөмірінің әріпін өзгерткен «фура» жүргізушісі қамаққа алынды

фура

ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Меркі ауданы маңындағы тас жолда көлігінің нөмірін өзгертіп алған «фура» жүргізушісін ұстады.

Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы барысында «АвтоСканнар» мобильді кешенінің көмегімен, өтіп бара жатқан DAF маркалы жүк көлігінің мемлекеттік нөмірдегі бір әріпі басқа екенін анықтаған. Қырғыз Республикасының 33 жастағы тұрғыны бұл әрекетін жолда жылдамдықты асырғаны үшін бейнекамераларға түсіп қалмау мақсатында жасағанын мойындады.

Ер адамның Қырғызстаннан Ресейге Қытай автокөліктерін тасымалдаумен айналысатыны белгілі болды.

Меркі аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Жамбыл облысы ПД