«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы барысында 400-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың 1-5-қараша аралығында Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — қала аумағында кәмелет жасына толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта ойын – сауық орындарында болған, ата-анасының бақылауынсыз жүрген балаларды анықтау.

         Арнайы рейдтің барысында кәмелет жасына толмағандарға қатысты 392 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде: 33 жасөспірім – түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болған, 306 бала – заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген. ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 15 ата-анаға әкімшілік шара көрілді.

         Сондай-ақ, ойын-сауық мекемелерінің иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) 18 хаттама толтырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 26 жасөспірім және ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін 20 жайсыз отбасы есепке алынды.

         Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.

         Сондай-ақ, осы заңның 442 бабы 2 бөлігіне сәйкес кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден кейін болуына байланысты  әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды.

         Барлық сыртқы қызметтер, әсіресе тәуліктің кешкі және түнгі уақытында қоғамға қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың топтарын анықтауға, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.