Шымкентте Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізуде деп хабарлайды Шымкент қаласының ПД.
Тәртіп сақшылары кезекті рейд барысында қала орталығында орналасқан “Кокос” кафесінің карантин режимін бұзып, жұмыс жасап тұрғанын анықтады. Жалпыға ортақ шектеу шараларын сақтамауымен қатар, карантин талаптарын елемеген нысан әкімшісінен түсініктеме алынды. Карантин талаптарын бұзу дерегі бойынша материал шара қолдану үшін мүдделі органға жолданды.
Осыған орай, полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және карантин кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі