Шымкенттік полицейлер 80 адам жиналған тойды тоқтатты

Еңбекші ауданының полицейлері ағымдағы жылғы 21-тамызда К.Тленшин көшесі №1/1 үй мекенжайында орналасқан «Олжа» тойханасы карантиндік талаптарды бұзып, сағат 13:47-де 80 адамнан қонақ шақырылған асатын үйлену той өткізіп жатқанын анықтады деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Сонымен қатар, қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткені де, белгілі болды. Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.