Шымкенттік полицейлер карантин шектеулеріне бағынбаған ойынхананы анықтады

Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізуде. 2021 жылдың 18-шілдесінде түнгі сағат 01:31-де Шымкент қаласы Х.Дулати көшесінде орналасқан «Red» ойынханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келуші қонақтарды (35 адам) қабылдап жұмыс жасап жатқаны анықталды. Қызметкерлер мен даяршылар клуб ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткені де белгілі болды. Сондай-ақ, “ASHYQ”бағдарламасына тіркелмей, түнгі уақытта жұмыс жасап, карантин режимін бұзған.Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыға бағынбай, әлі күнге той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын қатаң ескертеді.Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі#dp_shymkent#polisiakz#qriim_mvdrk#police_shymkent#департаментполициигородашымкент#шымкентқаласыныңполициядепартаменті#Халықпенкерібайланыс#Обратнаясвязьснаселением#Халықүнінеқұлақасатынмемлекет#Слышащеегосударство#Обратнаясвязьснаселениемсалынды