Полиция департаментінде қоғамдық көліктерде тәртіпті және қала көшелерінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жиналыс өтті.
Кездесуге, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері, қаладағы 11 көлік компаниясының өкілдері мен басшылық құрам қатысты.
Шара барысында автобустарды толығымен бейнебақылау камерасымен қамту, оны тікелей жедел басқару орталығына қосу, жүргізушілерді жолаушылармен байланысқа түспейтіндей ету, жүргізушілер автобустарды сергек күйде басқару үшін 8 сағаттан аспайтын етіп ауысым жасау, соңғы аялдамаларда автобустардың тоқтап тұруына талапқа сай жағдай жасау, сонымен қатар жүргізушілер тарапынан жол ережесін қатаң сақтау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, көлік компанияларының өкілдеріне соңғы уақытта қоғамдық көліктерде орын алған жағдайлар туралы ескертіліп, пікірлер алмасулар жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар қаралды.
Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі