ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс орнату мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов әр аптаның сәрсенбі күнінде азаматтарды жеке қабылдау өткізіп келеді.Бүгін, 26-қаңтарда да эпид ахуалға байланысты мегаполис тұрғындарын онлайн форматта қабылдап, көкейлеріндегі сауалдары мен мәселелерін тыңдады. Олардың оң шешімін табуы үшін тиісті қызметкерлерге тапсырмалар беріп, өз бақылауына алды. Айта кетейік, қазіргі кезде Шымкенттің бас полицейінің жеке қабылдауына келушілердің дені – алаяқтық және интернет алаяқтық құрбаны болдық деп жүгінушілер. Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Егер де Сіз, департамент бастығының жеке қабылдауына жазылғыңыз келсе, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің 97-66-39 телефонына хабарласып, алдын-ала жазыла аласыз.Азаматтарды жеке қабылдау — полицияның халыққа деген ашықтығы мен жариялығының дәлелі.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі