Түркістан облысының полицейлері көлік төсенішінің астынан есірткі тапты

Ордабасы АПБ ЖПҚ патрульдік полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Ержігіт Қонарбаев күнделікті патрульдеу қызметінде жүріп, Темірлан ауылындағы көшелердің бірінде көлігін дұрыс жүргізбей келе жатқан «Нива» жүргізушісін тоқтатады. Содан жүргізушінің есірткілік масаң күйде екендігіне күмәнданып, Ордабасы АПБ-ның кезекші бөліміне дереу хабар береді. Оқиға орнына бірден жеткен жедел-тергеу тобы жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, автокөліктің ішкі бөлігінде алдыңғы екі орындықтың ортасындағы төсеніш астына қағазға оралып жасырылған зат тауып алады. Оны ашып қарағанда жасыл түсті, айрықша хош иісі бар есірткіге ұқсас өсімдік екені белгілі болды. Полицейлер алынған заттай дәлелдемені сараптамаға жіберді. Ал жүргізуші Ордабасы АПБ-ға жеткізілді. Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» тіркелді. Қорытындыға сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 грамға жуық кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта», көлігі айыптұрақта. Болған жайттың барлығы патрульдік полиция қызметкерлерінің бейнежетонына түсірілген.Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сізде осындай құқық бұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

ТО ПД-ның баспасөз қызмет