Полицейлер оқушылармен экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өткізді

Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан №18, №11, №5 жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараның басты тақырыбы- экстремизм көріністерінің алдын алу.

Полицейлер оқушылармен әңгімелесу барысында, шетелдік экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу, жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу және экстремизмге қарсы іс-қимыл әдістеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ оқушыларға экстремистік бағыттағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік бары түсіндірілді.

Кездесу соңында тәртіп сақшылары оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Жасөспірімдер өз кезегінде тәртіп сақшыларына өзекті және танымдық кездесу үшін алғыс білдірді.

Ал ұйымдастырушылар мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады деп атап өтті.