Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылы 11 айда атқарылған іс-шаралары:

іс-шаралары

№2 оңалту орталығы базасында нейро-ортопедиялық бұзылулары бар балаларға арналған кешенді «QH» оңалту орталығы ашылды;

  • Шымкент қаласында 14-15 қарашада «ҚР-да балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру» бойынша ҚР ДСМ А.Ш. Альназарованың онлайн режимінде қатысуымен Республикалық көшпелі семинар-кеңес өткізілді;
  • 2024 жылғы 18-22 қараша аралығында босандыру ұйымдарының базасында босандыру және балалық шақ қызметінің мамандары үшін Ресейлік жетекші мамандардың қатысуымен 3 халықаралық мастер-класс өткізілді (60 медицина қызметкері оқытылды);
  • №6 қалалық емхананың науқастарға ыңғайлы болу үшін екі корпустың арасын қосатын галлерея жасақталып, пайдалануға берілді