Өрт орын алды

Бозарық-2 елді мекенінде 2022 жылғы 8 қаңтарда орын алған өрт туралы хабар сағат 08:11-де келіп түскен. Келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері Вишневая көшесіндегі орналасқан жалпы көлемі 15 ш.м тұрғын үй және жапсарласа соғылған 6 ш.м. бастырма толығымен жанғандығын анықтады. Өрттің жалпы көлемі 21 ш.м. құрады. Өрт сағат 08:42-де оқшауланып, сағат 08:57-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 4 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 20 қызметкер, апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Өрт сөндіру барысында бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Ойбек Нұрғалиев сыйымдылығы 50 л газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, болуы мүмкін жарылысты алдын алды.Шымкент қ.ТЖ департаменті ескертеді! Жылу беру маусымында өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! Жеке тұрғын үй секторларында қатты отынмен жағылатын пештерді және электр жылытқыштарды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударыңыздар!

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы