Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне (әрі қарай – Департамент) қала тұрғынының жер учаскесіне құқық беру және кемшіліктер жасаған қызметкерлердің жауапкершілігін қарау туралы өтініші түсті.
Аталған өтінішке сәйкес, өтініш иесі Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына (бұдан әрі — Басқарма) жолданған, алайда Басқарма тарапынан бас тарту алған.
Департамент тарапынан жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде, Басқарма қызметкерінің функционалдық міндетін тиісті дәрежеде орындамай, мемлекеттік қызмет көрсетудегі тәртібі бұзылғандығы анықталды, Басқарманың кемшілікті жіберген қызметкері тәртіптік шара көру үшін, құжаттарды тәртіптік кеңеске жолданып, Басқарма тарапынан кемшілікті жіберген қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, шағымданушының өтініші Департаментпен қанағаттардырылды.
Be the first to comment on "Департаментпен қала тұрғынының құқығы қалпына келтірілді"