Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті көшпелі отырысы өтті

Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті көшпелі отырысы өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (Бұдан әрі – Департамент) жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті көшпелі отырысы Абай ауданы әкімдігінің ғимаратында өткізілді.
Күн тәртібі, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы, Еңбек әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы Әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Департамент өкілдерінің қатысуымен «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметінің көрсетілу процесіне қатысты болды.
Аталған мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидасында көрсетілген талаптардың сақталуы, тәжірибеде орын алып жатқан бюрократиялық және қызмет алушыларға жағдай жасау туралы мәселелер талқыланды.
Жиын қорытындысымен, барлық мүдделі органдармен ортақ мәмілеге келіп, жоғарыда аталған мәселелерді шешуге бағытталған тиісті ұсыныстар енгізілді.