Қала тұрғынының құқығы қалпына келтірілді

Қала тұрғынының құқығы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне (бұдан әрі — Депаратмент) қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында ұсыныстар мен арыз-шағымдар келіп түсуде.

Мәселен, қала тұрғыны  «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін ала алмай, аталған қызмет түрі бойынша мерзімі бұзылғандығы туралы өтінішпен жүгінді.

Департаменттің тарапынан мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін кешіктіріп бұзғаны үшін, тиісті лауазымдық тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.   

Осылайша, Департаментке «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша шағымданған қала тұрғының құқығы қалпына келтірілді.   

Осы ретте айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты 24/7 бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.