Азаматтарға арналған фронт-офиске әл-фарабилік мыңға жуық адам арызданған

Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ғимаратының алдындағы фронт-офис мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында қызмет етеді. Мұнда келген халық өзіне қажетті кеңесін алып, өтініштері мен басқа да құжаттарының қысқа мерзімде қабылдануына мүмкіндік алған. Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында ашылған болатын. Мұнда келген халық өзіне қажетті кеңесін алып, өтініштері мен басқа да құжаттарының қысқа мерзімде қабылдануына мүмкіндік алған.Тиісінше, кеңседегі азаматтарға арналған қабылдау бөлмесінде азаматтардың ыңғайлығы үшін күту орындары және бағдар беру үшін ресепшн бар.

Айта өтетін ақпарат, бүгінде тұрғындар уәжінің басым бөлігі — әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болып отыр.

Сондықтан, фронт-офис алаңында осы мәселелерге жауапты құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция және әкімшілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді.

         Мұнда азаматтарға арналған қабылдау бөлмесіне келуші халықтың ыңғайлылығы үшін күту орындары, арнайы ресепшн орнатылған. Арыздардың басым бөлігі — әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болғандықтан, фронт-офис алаңында осы мәселелерге қатысты құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, фронт-офис қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерін орындаудан басқа құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту бойынша азаматтардың ұсыныс, пікірлерін тіркейді. Жыл басынан бері ашық орталықтандырылған кеңсеге 970 азамат арыз-шағыммен жүгінген.