Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шолданбаев Сапарғали «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК Шардара аудандық филиалына барып, онда бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесуде ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай бірлесіп атқарылатын жұмыстар баяндалды.
Сонымен қатар, айлық жалақының уақытылы төленуі, еңбек қатынастары және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыру, еңбек қауіпсіздігін сақталуы, еңбек шартын орындау, әлеуметтік шиеліністің және еңбек жанжалдарының туындауының алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы мәселелер талқыланды.
Басқосу соңында жергілікті кәсіподағы комитетінің төрағасы кәсіподақ жұмысын күшейту қажеттілігі мен еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесі әрдайым кәсіподақтардың назардан түспейтінін айтып, жұмыстарына сәттілік тілеп, қатысушыларға ризашылығын білдірді.
Айта кетерлігі, бүгінде ұжымда жалпы 71 қызметкер жұмыс атқарады. Барлығы кәсіподақ мүшелігінің құрамында. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлжан Көшербаева.