Қауіпсіз еңбек жылы

«Қауіпсіз еңбек жылы» аясындағы кезекті кездесу «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов Түркістан өңірінің Сайрам ауданында орналасқан «ЯНС» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен өтті.

Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі және оған енгізілген өзгерістер, маңыздылығы туралы пайдалы кеңестер алды.

Басқосуда аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету жайлы мағлұмат берді.

Жиын соңында қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын қойып, пікір алмасып, қызмет барысында туындайтын сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.

Сонымен қатар «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Түркістан облысы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты — облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен жыл бойына көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету болып табылады.

Кездесу барысында қатысушылар еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелерді көтеріп, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдау мүмкіндіктерін саралады.

Өз кезегінде сөз алған төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету жөніндегі мәселелерін тілге тиек етті.

Жиын соңында кәсіподақ мүшелері пікір алмасып, өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алды.

Айта кетейік, бүгінде мекемеде 163 қызметкер жұмыс жасайды, олардың барлығы 100% кәсіподақ мүшелері.