Қоғамдық штабтың мүшелері бас қосты

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңес мүшесі, референдум бойынша Қоғамдық штабтың мүшесі ретінде жалпыұлттық референдумды қолдау аясында құрылған өңірлік штабтың отырысына қатыстым. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан төрағалық еткен жиында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері мен Қоғамдық штабтың мүшелері бас қосты. Кездесу барысында Қоғамдық штабтың мүшелері тарапынан Мемлекет басшысының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді қолдайтындықтарын алға тартып, сайлауалды ақпараттық-насихаттық жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқандығы туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, жиында референдум бойынша жұмылдырылған ұйымдастыру топтарына қандай көмек қажеттігі және штаб мүшелері атқарылып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті.Жиын соңында қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан Қоғамдық штабтың мүшелері екпінді бастап кеткен жұмыстарына шаһар басшысының атынан алғысын білдірді.Алдағы уақытта өтетін референдум Қазақ халқына билік тарапынан ұсынылып отырған үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Болашақта Ата заңға өзгерту енгізу арқылы елімізде көптеген жағымды өзгерістер болатынына және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артам.

Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы