Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде дөңгелек үстел үстінде Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде қоғамдық қабылдау өткізді.
Жастар тарапынан айтылған мәселелер мен ұсыныстар кеңінен талқыланды, әрі оңтайлы шешілуі үшін қажетті шаралар жүргізілді.
Кездесу соңында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы талқыланды.
ҚР Президенттігіне үміткер Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс беруге, әрі белсене қатысуға шақырды.
Сондай ақ «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» атты әлеуметтік жоба шеңберінде Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б.Садықов, РҚБ Шымкент филиалының кеңсесінде аппарат басшысы А.Жуанышбаев жастардың бүгінгі таңда көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық қабылдаулар жүргізді.
Сондай-ақ, РҚБ ШҚФ-ның мүшесі М. Бейсеуов Шымкент қалалық № 1 емханасында қоғамдық қабылдау өткізді. Жастар тарапынан айтылған мәселелер мен ұсыныстар кеңінен талқыланды, әрі олардың оңтайлы шешілуі үшін қажетті шаралар жүргізілетіні айтылды.