Шымкент: Әл-Фараби ауданында 3 айда түнде заңды өкілінсіз жүрген 384 жасөспірім анықталған

Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үнемі жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады. Оның ішінде, балаларды түнгі уақытта көшеде жүрген кезінде туындауы мүмкін қауіпті жағдайлардан қорғау мақсатында күн сайын түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 3 айында Әл-Фараби АПБ-ның ювеналды полиция инспекторларымен ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 384 азамат жауапкершілікке тартылды.Сонымен қатар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 25 жасөспірім Шымкент қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Айта өтетін ақпарат аудан аумағында орналасқан әрбір білім беру ұйымына мектеп инспекторы бекітілген. Олар мектеп әкімшілігімен бірлесіп ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша сабақтар ұйымдастырып отырады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі