Қызылорда облысында экономикаға инвестициялар көлемі 6% астам көрсеткішке өсті, оның ішінде өңдеуші салада – 40,5%, ауыл шаруашылығы саласында — 66% өсті деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі Баспасөз орталығы.
Жыл қорытындысы бойынша 456 млрд.теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда.
Жұмыс істеп тұрған кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіру көлемінің қысқару үрдісі сақталуда (90,1%), бұл жалпы өнеркәсіп бойынша өнім өндіру көрсеткішінде (99,7%) көрініс табады.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысының мұнай-газ саласын дамытудың 2021-2022 жылдарға арналған Жол картасы әзірленуде, оған сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар 79 жаңа мұнай-газ ұңғымасын бұрғылауды жоспарлап отыр.