Сарыарқа ауданы прокуратурасы елордадағы оқу орындарында кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу және профилактикасы, оның ішінде балалар буллингі, есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы тақырыптары бойынша дәрістер өткізіледі.
Қылмыскерлердің жас мөлшерінің кішірейуі, олардың іс-әрекеттерінің салдарын білмеуі және әлеуметтік желілер арқылы оңай табыс іздеп, есірткі салу бойынша курьер жұмысын табуы алаңдатады.
Мысалы, ағымдағы жылдың маусым айында 18 және 19 жастағы екі тұлға есірткіні өткізу мақсатында сақтағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталғандар қала аумағында өткізу мақсатында скотчке оралған есірткі заттарын жасырып отырған. Алайда, есірткіні кезекті рет салу кезінде олар полиция қызметкерлерімен ұсталды.
Елорда прокуратурасы есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз өңдеу, өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізгені үшін мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгені туралы ескертеді.
Астана қаласының прокуратурасы