Балаларға қуаныш сыйлады

1 маусым-Балаларды қорғау күнінде Шымкент қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады .

Өрт сөндірушілер балаларды Наурыз алаңында орналасқан ойын алаңына алып барып, барлық ойын аттракциондарына отырғызып, балмұздақ тарту етіп мерекеде керемет көңіл күйге бөленуіне септіктерін тигізді. Балалардың қуыныштарында шек болмады. Бұл игі іс. Мұндай қайырымдылық іс-шараны жиі өткізіп тұратын шымкенттік өрт сөндірушілер бұл жолы да қауіпсіздік ережелерін ескертуді ұмытқан жоқ.