Саптық байқаулар Қазақстан Республикасы ТЖМ бөлімшелерінің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар жазғы және қысқы формаларға көшу кезінде жылына 2 рет өткізіледі. Олардың барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті – оның белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Осындай байқаулардың бірі Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Өрт сөндіру қызметінің мамандандырылған жасағы аумағында департамент бастығының орынбасары полковник Ж.Кәрімбаевтың басшылығымен өтті.ТЖ қызметкерлерінің азаматтық қорғаудың арнаулы атақтары болады және қызмет түріне және оларға берілген арнаулы атақтарға сәйкес нысанды киім киеді.Аталған іс-шараның мақсаты – жеке құрамның нысанды киім кию және үлгілі сыртқы келбетті қолдау қағидаларын сақтауын, қызметкерлердің қысқы кезеңдегі мақсаты бойынша іс-қимылдарға дайындығын тексеру.Қызметкерлердің нысанды киім кию ережелерін сақтауы, погондардың, эмблемалардың, шеврондардың жапсырмаларының ұқыптылығы мен дұрыстығы, ерекшелік белгілерінің орналастырылуы, талаптарға сәйкес қызметтік куәліктері, жеке нөмірлері тексерілді. Сондай-ақ жеке құраммен саптық дайындық бойынша сабақтар өткізілді.Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бекзат Қамбаров қысқы киім-кешек пен айырым белгілерін кию ережелерін түсіндірді. Саптық байқаулар саптық мәдениет пен дағдыны арттыруға ықпал етеді, бөлімшелердегі тәртіпті, ұйымдастырушылық пен жарғылық тәртіпті нығайтуға көмектеседі.
Шымкент қ.ТЖД Кадр саясаты басқармасы