Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Шымкент қаласының тұрғындары

Сіздерді 14–20 маусым аралығында өтетін «SHYMKENT USTA FEST» – тұтас ағаштан жасалатын бұйымдар бойынша шеберлердің халықаралық фестиваліне шақырамыз!

Алты күн бойы Шымкент қаласы ағаштан түйін түйген шеберлердің ордасына айналады.
Фестиваль аясында: Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясынан келген ағаш қолөнерінің үздік шеберлері өз туындыларын ұсынады.

Фестиваль аясында қаламызда күн сайын жәрмеңкелер мен қолөнер көрмелері, мәдени іс-шаралар, концерттер өтеді.

Өтетін орны: Арбат алаңы
Кіру – тегін!