Адалдық парасаттылық — адамдықтың белгісі

Кез келген мемлекеттің дамуы мен өсіп-өркендеуіне парақорлық пен жемқорлық кедергі келтіреді. Сондықтан онымен күресу қоғам үшін маңызды міндет. Елімізде сыбайлас жемқорлық пен парақорлықты азайту мақсатында кешенді шаралар атқарылып жатыр. Қазір қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдардың ашық­тығы мен айқындығын қамтамасыз ету бо­йын­ша кешенді жұмысты белсенді жүргізуде. Солардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы елдік қозғалысқа айналған «Адалдық алаңы» бағдарламасы танымалдылыққа ие болды. Елбасының тапсырмасы бойынша елордада басталған жоба бүгінде бүкіл елді қамтыды. Бағдарлама тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудың жалпыұлттық идеясын ілгерілетудің толыққанды брендіне айналды.   Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Шымкент қаласы білім басқармасы “Энергетика және байланыс колледжі” МКҚК 1.09.2022 жылғы N1171 хатына сәйкес “Адалдық парасаттылық — адамдықтың белгісі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Жастар ісі жөніндегі төрайым Серік Айдана Ерланқызының ұйымдастыруымен өткізілген дәріске 21-03 топ студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: Сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәліметтер беру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу шаралары және болдырмау үшін қандай шараларды жасалу керектігін талқылу. Студенттер бойында нақты азаматтық ұстанымды, патриотизмді қалыптастыру, сонымен қатар студенттердің құқықтық, саяси сауаттылығын арттыру.

Дәріс барысында тақырыпқа байланысты презентация қойылды. Нәтижесінде студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып отырған шаралар бойынша пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге, сыбайлас жемқорлықты болдырмау шараларын қарастыруға ниеттерін білдірді.