Алматы, 15 ақпан – «Qolda» жобасы БАҚ өкілдерін мен серіктестерді 2022 жылғы 16 ақпанда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтетін «COVID-19 және ТЖ жағдайындағы азаматтық сектордың қызметі» атты онлайн конференциясына шақырады. «Qolda» жобасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірленген.
ТЖ кезінде өз қызметін белсенді жүргізген ҮЕҰ ТЖ және карантин жағдайында халыққа жан-жақты көмек көрсету бойынша тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөліседі.
2021 жылғы тамызда «Qolda 3.0» (https://qolda.org/) жедел көмек бағдарламасының үшінші кезеңі іске қосылды. Экология, волонтерлікті дамыту және ТЖ-ға әрекет ету, жұмыссыздарды еңбек нарығында қалпына келтіру, адвокация, тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жою сияқты бағыттар бойынша өңірлік ҮЕҰ-дың 16 жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды.
«Qolda 3.0»-ге қатысқан ҮЕҰ өкілдері жобаларды іске асырудың үздік практикалары туралы, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарды серіктес ретінде тарту тәжірибесі туралы айтып береді. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік және квазимемлекеттік институттардың өкілдері қатысады.
Конференцияның қорытындысы азаматтық секторға ТЖ жағдайында қоғамдық ресурстарды тиімді жұмылдыру үшін ұсынымдар әзірлеу болады.
Конференцияға сілтеме: https://us06web.zoom.us j/87072430388?pwd=VEVTcVVwTDQ1VDEyaUtsazhzZERCQT09
Қызығушылық танытқан жағдайда ұйымдастырушылармен келесі электрондық мекенжайлар бойынша байланысуды сұраймыз: aliya@ef-ca.org және aizhan@ef-ca.org.
Жания Хаирова