Соңғы тәулікте 1,5 мыңға жуық адам Covid-19-ға тексерілді

Соңғы тәулікте Түркістан облысында коронавирус анықталған 5 адамың үшеуінің дерті симптомсыз өтуде деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте облыс аумағындағы коронавирус инфекциясы мен санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтер айтылды. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың баяндауынша, өңірдің мемлекеттік зертханаларында өткен тәулікте 1,5 мыңға жуық адам тексерілді. Зерттеулер динамикасы бойынша алдыңғы аптамен салыстырғанда ПТР зерттеу саны 1,1 %-ға көбейген. Облыс аумағында медицина қызметкерлері вакцинаның екінші компонентін салдырды.

Барлық аудан, қалаларда мобильді топтар жұмыс істеуде. Карантин режимін бұзғандар бойынша шұғыл ақпарат 1 сағат ішінде Үйлестіру орталықтарына жолдауы тиіс. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық аудан, қала әкімдеріне мобильді топтардың жұмысын күшейтіп, карантин талаптарының сақталуын шұғыл түрде тексеруді тапсырды.

Мәжіліс барысында Түркістан қаласын безендіру, әсемдеу, көркейту жұмыстарының барысы туралы шаһар басшысы Рашид Аюпов баяндады. Әуежай аумағынан «Батыс-Қытай, Батыс-Еуропа» автожолы бойына, яғни қаланың Б. Саттарханов даңғылына дейін жалпы LED экрандар, жалаушалар мен 32 билбордтар, 300-ден астам жарықтық кронштейндер және 17 аялдама орнатылады. Түркістан қаласына кіреберіс аумағы мен қалада бағыт-бағдар сілтемелері пайда болады.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов көктемгі дала жұмыстарына дайындық шаралары және ветеринариялық

іс-шаралардың барысы туралы баяндады. Егістікті әртараптандыру бойынша өткен жылмен салыстырғанда масақты дақылдар мен егіс көлемі 5 мың гектарға және мақта дақылының егіс көлемі 10 мың гектарға қысқартылып отыр. Оның орнына майлы дақылдардың егіс көлемі 10 гектарға, бақша дақылдары 7 мың гектарға және мал азығы дақылдары 3 мың гектарға қосымша егістік көлемі ұлғайған. Бүгінгі таңда жоспарланған 500 мыңға га жуық жер айдалып, жұмыстың 98 пайызы орындалды.

Около полутора тысяч человек обследовали на Covid-19 за последние сутки

У троих из пяти человек, в Туркестанской области, у которых выявлен коронавирус за это время, болезнь протекает бессимптомно передает пресс-служба акима Туркестанской области.

На совещании под председательством акима области Умирзака Шукеева озвучили новые данные о заболевших Covid-19 и санитарно-эпидемиологической ситуации в регионе.

Руководитель областного управления общественного здоровья Марат Пашимов указал, что в государственных лабораториях за минувшие сутки обследовали около 1,5 тыс. человек. Согласно динамике исследований, число ПЦР-тестирований увеличилось на 1,1% в сравнении с предыдущей неделей. На территории области медработников прививали вторым компонентом вакцины.

Кроме того, по словам главного врача области, во всех районах и городах работают мобильные группы. Информация о нарушителях карантинного режима поступает в Координационные центры в течение часа. Аким области Умирзак Шукеев поручил акимам всех районов и городов усилить работу мобильных групп и проверить соблюдение карантинных требований.

О ходе работ по благоустройству, озеленению и оформлению Туркестана доложил глава города Рашид Аюпов. По его словам, от аэропорта вдоль автодороги «Западная Европа – Западный Китай» до проспекта Б.Саттарханова установят LED-экраны, флагштоки, 32 билборда, а также более 300 опор освещений и 17 остановок. Кроме того, при въезде в областной центр и на городских улицах появятся маршрутные указатели.

Руководитель областного управления сельского хозяйства Нурбек Бадыраков сообщил о подготовке к весенне-полевым работам и проводимых ветеринарных мероприятиях. В частности, по сравнению с прошлым годом сократили посевные площади колосовых культур на 5 тыс. га и хлопковых — на 10 тыс. га. Зато увеличились посевные площади масличных культур на 10 га, бахчевых — на 7 тыс. га и кормовых — на 3 тыс. га. Из запланированных 500 тыс. га вспахали 98% земель.