Алматының 100-ден астам кәсіпкері «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуда

Фото с сайта kapital.kz

Короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу және кәсіпкерлік нысандарда шектеу шараларын енгізу үшін «Ashyq» пилоттық жобасы қолға алынған еді. Аталған жобаны н іске асыру үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, «Атамекен» ҰКП-ның және Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және басқа да бірқатар ұйымдардың қатысуымен жобалық кеңсе құрылды.

Жобалық кеңсе Ashyq жобасын дамыту бойынша Жол картасын және «Ашық» пилоттық жобаны түсіндіру жөніндегі ақпараттық Медиа-жоспарды әзірледі. 22 қаңтардан бастап «Ashyq» қосымшасы Infokazakhstan.kz платформасымен біріктірілді. Платформа арқылы қатысушы өтінім беріп, QR код ала алады.

Пилоттық жобаның бірінші кезеңі 17 қаңтардан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында ойдағыдай іске асуда.
17.03.2021 жағдай бойынша пилоттық жоба аясындағы жұмыс нәтижелері мынадай:
— «ASHYQ» қосымшасын жүктеу саны 32 808;
— нысандарға барлығы 233 QR код берілді:
Нұр-Сұлтан қ. — 62 QR (пилоттық жобаға қатысушылар саны 35)
Алматы қ. — 110 QR (пилоттық жобаға қатысушылар саны 52, тізім әкімдіктің https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/article/details/43974?lang=ru ресми сайтында орналасқан)
Қарағанды қ. — 34 QR (пилоттық жобаға қатысушылар саны 16).

Жобалау кеңсесінің (ЦДИАӨМ, ҚР ДСМ, ҚР ҰКП) шешімі бойынша пилоттық жобаны 5 кезеңде іске асыру туралы келісімге қол жеткізді:
1-кезең: барлық аймақтар үшін ресепшн бар рұқсат етілген қызмет түрлері (фитнес-орталықтар, спа-орталықтар, бассейндер, сауналар)
2-кезең: компьютерлік және боулинг орталықтары;
3-кезең: кинотеатрлар және онлайн брондау мүмкіндігі бар барлық нысандар;
4-кезең: жұмыс жасауға тыйым салынған қызметтің барлық түрлері (оның ішінде фудкорт, банкет залдары, караоке);
5-кезең: Ashyq-ты барлық аймақтарға тарату.
ҚР Бас мемлекеттік дәрігерінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №7 қаулысымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы шешім қабылданды.

«Ashyq» пилоттық жоба келесі кәсіпкерлік нысандарда іске асырылады:
1) фитнес-клубтар;
2) спа орталықтар;
3) сауналар, бассейндер;
4) компьютерлік клубтар (18 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);
5) боулинг клубтары.

Пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік нсынадарда әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің келесі өлшемшарттары қолданылады:
— коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың орташа деңгейі үшін әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері қолданылады (сары аймақ);
— коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі орташа өңірлерде (сары аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі төмен әлеуметтік-экономикалық объектілердің (жасыл аймақ) жұмысын шектеу критерийлері ұсынылады (яғни жобаға қатысушыларға алдыңғы эпидзона бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі: егер аймақ қызыл эпидзонада болса, онда сары аймаққа сәйкес жұмыс жасауға рұқсат етіледі, егер сары болса,
Бұл ретте Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік субъектілері келесі шарттардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет:
1) жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне келушілерді кіргізу кіреберісте орналасқан QR-кодты сканерлеген жағдайда ғана іске асырылады (келушінің мәртебесін айқындау үшін)
— «жасыл» түсті мәртебе — келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен ретінде белгіленген;
— «көк» түсті мәртебе — ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болмаған;
— «сары» түсті мәртебе — деректер базасында COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған;
— «қызыл» түсті мәртебе – деректер базасында COVID-19 оң нәтижесімен тіркелген.

Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің мәртебесін оның келісімімен ақпараттық жүйеде тексереді. Алматының 100-ден астам кәсіпкері «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуда.
«Сары» (COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған), «қызыл» (COVID-19-ға оң нәтижесімен тіркелген) мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын тұлғалар пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіруіне жол берілмейді.

Бас санитар дәрігердің 26.02.2021 жылғы №7 қаулысының 2-тармағының 2 тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының әкімдеріне, «Атамекен» ҰКП-ға (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізбесін айқындауды қамтамасыз ету тапсырылған.

Сондай-ақ, пилоттық жобаға қатысушылардың барлығы келушілердің QR-кодты сканерлеу ережелерін қатаң сақтаулары тиіс. Деректер үнемі өңделеді әрі жиналады, сканерлеу көрсеткіштері төмен қатысушылар пилоттық жобадан шығарылады.