Ағымдағы жылдың 16 қазанында Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал — майоры Қайрат Сүнтаевтың Жамбыл облысы Полиция департаментінің жеке құрамымен жұмыс кездесуі өтті. Министрдің орынбасары ҚР Ішкі істер министрлігінің полиция қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту, жалақысын арттыру және әлеуметтік қорғалуы жөніндегі бастамаларын жеткізді.
Қ.Сүнтаев жедел-қызметтік іс-әрекетке қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу мәселесіне аса терең тоқталды.
Кездесу соңында Қайрат Сүнтаев ішкі істер органдарында цифрландыру саласының дамуы туралы айта келе, ҚР ІІМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ елдің құқық қорғау жүйесін институционалдық қайта құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты атап өтті.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі