«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлер алуға жалпы 2022 жылғы 11 сәуірден жұмыс уақытымен cағат 09:00 ден 15 сәуір сағат 19:00 аралығында 11919 өтінім келіп түсті. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.Оның ішінде; 1-бөлмелі пәтерлерге – 3324 өтінім, 2-бөлмелі пәтерлерге- 4592 өтінім, 3-бөлмелі пәтерлерге-4003 өтінім келіп түскен. Бүгінгі таңда аталған өтінімдерді қарау жұмыстары жүргізілуде. Несиелік тұрғын үйлерді «Shymkent-baspana.kz» сайты арқылы автоматты түрде басқарма теңгеріміне қабылданған үйлердің санына қарап орналастырылады. Shymkent-baspana.kz порталы толығымен автоматтандырылғандықтан азаматтардың өтінімдеріне сәйкес пәтерлерді бөлуді аталған портал автоматты түрде жүзеге асырады. Бұл орайда ешқандай адами фактор әсер ете алмайды.Аталған конкурстан өткен азаматтармен бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 8 банк жұмыс атқарады. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк» АҚ-ы, «Altyn Bank» АҚ-ы, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-ы.
Шымкент тұрғын үй басқармасы