Сарышаян шаққанда не істеу керек

Күн жылына салысымен табиғат жанданып, жан-жануарлар мен жәндіктер ояна бастайды. Осы кезеңде улы жәндіктердерден келетін қауіп көп болмақ. Солардың бірі — сарышаян.

Сарышаян шаққан кездегі клиникалық белгілер:

  1. Қатты ауырып, тырыса бастайды. Шаққан жері қызарады;
  2. Уланғанда бас айналып, бастың ауруы, құсу, ентігу, әлсіздік, адинамия, жүрек соғуы байқалады;
  3. Ауыр жағдайда жүйке жүйесіне әсер еткенде, көзі бұлыңғырланып, аяқ қолы тартылады. Тіпті кейбір кезде жүрек соғысы әлсіреуі де мүмкін.

МҰНДАЙДА НЕ ІСТЕУІҢІЗ ҚАЖЕТ?

  • Шаққан жерді спиртпен сүртіп, зиянды микробтар түспес үшін антисептикалық дәке таңу қажет;
  • Ауырсыну мен ісінуді жазу үшін мұз басуға болады;
  • Ауру басылмаса, шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру қажет;
  • Жүкті әйелдер мен созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға, балаларға өз бетінше ем алу қауіпті.

ЕСКЕРІҢІЗ!

  • Жгут салуға болмайды. Себебі, қан айналымына кері әсер етіп, гангренозды жағдайға әкелуі мүмкін.
  • Жараны күйдіруге болмайды. Себебі, жараның одан ары үлкеюіне әкеледі.
  • Алкоголь қабылдауға тиым салынады, себебі ол зат алмасуды жылдамдатып одан сайын удың тарауына әсер етеді.