Жеке қасиеттерін бағалау

ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеуді сәтті тапсырғаннан кейін «Б» корпусының лауазымына үміткерге тағы бір тестілеуден өту керек – жеке қасиеттерін бағалау. Жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында, тестілеу кестесіне сәйкес жүргізіледі. 🔺Тестілеуге ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған адамлар жіберілмейді. 🔺Тестілеу растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды. 🔺Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды. 🔺Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды. 🔺Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады. 🔺Жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша берілген қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды. 🔺Жеке қасиеттерді бағалауға арналған төмен нәтиже алған үміткерлердің қайта тестілеуіне алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.

ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті