Ernst & Young компаниясы “Entrepreneur of the Year” (Жыл кәсіпкері) ірі халықаралық байқауын қорытындылады. Cerebra.ai Ltd “Инновациялық стартап” номинациясына ие болды.
Жобаның негізін қалаушысы мен менеджері Досжан Жүсіпов бұл жетістік бүкіл ұжымның еңбегі екенін атап өтіп, компанияның алдында еліміздің барлық инсульт орталықтарында бұл бағдарламаны қосу бойынша үлкен міндет тұрғанын мәлімдеді.
“Біздің командамыз инновациялық өнім жасап қана қоймай, инсультке қатысты қалыптасқан парадигманы өзгертіп жатқанына терең сенімдімін. Біз адамдардың қиын жағдайларға дайын болғанын қалаймыз. Ол үшін біздің команда “Инсульт” қайырымдылық қорын ұйымдастырды. Біз инсульттан болатын өлімді азайтуға үлес қосқымыз келеді”, — деп бөлісті Досжан Жүсіпов.
Биыл EY байқауды пандемия қиындықтарына қарамастан, өз бизнесін дамытуды жалғастырған кәсіпкерлерге арнады. Еске салайық, байқаудың ұлттық кезеңі 2007 жылдан бастау алады, содан бері байқауға экономиканың түрлі салалары мен еліміздің өңірлерінен 800 отандық кәсіпкер қатысқан.
Естеріңізге сала кетейік, Astana Hub – IT-стартаптарға арналған халықаралық технопарк. Astana Hub ТМД елдерінен стартаптар және IT-компанияларды тартумен және локализациялаумен, технологиялық кәсіпкерлікті танымал етумен және жергілікті мамандарды, стартаптар мен IT-компанияларды дамытумен, сондай-ақ, отандық IT қызметтері мен өнімдерінің экспортын дамытумен айналысады.
Astana Hub баспасөз қызметі, PR және маркетинг бөлімінің аға менеджеріАлтынгүл Жанабай