Биылғы жылы Product/Market Fit сатысындағы стартаптар үшін екі акселерация ағымыдары жоспарлануда.
Алғашқы ағым 20 маусымда өтеді. Іріктеу нәтижелері бойынша үздік 15 жоба Нұр-сұлтан қаласында, офлайн форматта өтетін және 3 айға созылатын акселерацияға тегін негізінде қатысатын болады.
Серіктестік аясында GfS Google сарапшыларының бірегей мастер-класстарын және жеке тәлімгершілігін қамтамасыз етіп, өзінің платформасы мен әлеуметтік желілердегі қызықты кейстерге PR-қолдау көрсетуге дайын.
Өз кезегімен, Astana Hub қатысушыларға тұруға арналған апартаменттермен, технопарк аумағында жұмыс орындарымен, БАҚ-та PR-қолдаумен, сондай-ақ 25 млн теңгеге дейін қаржыландыру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
Өтінімдер 5 маусымға дейін қабылданады.Толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://astanahub.com/l/googleforstartups
Astana Hub баспасөз қызметі Гайнель-Хаят Машрапова