Қазақстандық медициналық бетперделер. Өндірістік қуаты.

Қазақстанда медициналық бетперделерді 17 компания шығарады деп хабарлайды ҚР ИИДМ Баспасөз орталығы.

Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан.

Жалпы алғанда, кәсіпорындар күніне 1 600 000-ден астам бетперде шығарады. Қазір қоймаларда 21 000-нан астам бетперде бар.