Астана қаласы «Алматы» ауданының прокуратурасы «Балам-Ай» қоғамдық қорының қызметінде тексеріс жүргізіп, нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі 195 баланың құқықтары бұзылғаны анықталды.
Тексеру барысында, церебралды сал ауруы, аутизм және т.б. ауруларға шалдыққан әр-бір баланың ерекшеліктері ескерілмей, оларға арнайы әлеуметтік қызметтер бір типті жеке жұмыс жоспарымен көрсетілгені белгілі болды. Бұдан бөлек, әлеуметтік қызметтер көрсетілген ғимарат санитарлық және өртке қарсы нормалардың талаптарына сай келмейді.
Прокуратурамен анықталған басты мәселе – ол қаржыландыру мәселесін реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актінің жоқтығы салдарынан қаржыландырудың жеткіліксіздігі болды.
Тексеру қорытындысымен, уәкілетті органдарға 5 қадағалау актісі енгізіліп, жауапты тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, салалық Басқармамен маслихатқа қаржыландыру сомасын ұлғайту туралы бюджеттік өтініш дайындалды.