АҚШ көкпаршылары Астанада

көкпаршылары

20 наурыз Ұлттық спорт күні сағат 10:00 «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде көкпардан АҚШ пен Қазақстан құрамаларының кездесуі өтеді.

АҚШ құрамасының жетекшісі — америкалық ковбой Лэдд Хауэлл. Қазақ құрамасын белгілі көкпаршы Құрманбек Тұрғынбек бастайды.

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған додаға Лэдд Хауэллмен бірге америкалық кәсіби ковбой Кейси Филд те қатысады. АҚШ-тан келетін топ құрамында журналист, фотограф әрі режиссер Джейсон Мотл да бар. Шара аясында Ұлттық спорт түрлері бойынша да жарыстар өтеді.

Бұл көкпар тартудың – әлем елдеріне кеңінен тарап, ұлттық өнерден халықаралық дәрежедегі спортқа айнала бастағанын көрсетеді.

Айта кету керек, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат спорты түрлері, көкпар, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, садақ ату, жамбы ату, арқан тарту сынды ұлттық және халықтық ойындардың 20 түрінен жарыс өтеді. Ресми бағдарламадан тыс, ұлттық өнердің 10 түрі таныстырылады. 

«Казспортинвест» АҚ , фото Қазақстанның көкпар федерациядан алынған