Балық өнімінің аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті жүргізуде.
Сотқа дейінгі тергеумен 2022 жылдың шілде айы мен 2023 жылдың сәуір айы аралығында заңды тұлға Еуроодақ елдеріне 1 135 тоннадан аса көксерке сүбесін экспорттағаны анықталды.
Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығымен көрінеу жалған, балықтың Қырғыз Республикасынан ауланып, елімізге кіргізілгендігін растайтын ветеринарлық сертефикат қолданылған.
Алайда, аталған балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат құжаттарсыз ауланғаны анықталды.
Тергеу барысында 125 тонна көлемдегі балық өнімін экспорттауға дайындап түсіру оқиғасы анықталып тоқтатылды.
Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.