Жамбыл облысында 2 млн теңгеге жуық заңсыз балық сату фактісі анықталды

Шу-Талас облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен заңсыз балық сату фактісінің жолы кесілді. Осы жылдың 17-ші ақпан күні жедел рейдтік іс-шара өткізу барысында Тараз қаласы, 2 мөлтек ауданы «ИРС» сауда кешені маңында 303 кг сазан балығын сатпақшы болған азамат анықталды.

Тексеру барысында онда балықтың заңдылығын дәлелдейтін құжаттар болмады. Заңсыз ауланған балық тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК 389-бабына сәйкес тиісті хаттама толтырылды. Іс Тараз қаласының арнайы мамандандырылған әкімшілік сотына әкімшілік шешім қабылдау үшін жолданды. 1988 жылы туылған азамат өзінің заңсыз іс-әрекеттерімен табиғатқа 1 821 839 тенге көлемінде залал келтірді. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Аслан ЖЕҢІСҰЛЫ, Балық шаруашылғы комитетінің баспасөз хатшысы