Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылдық округіндегі автомобиль жолдары жаңартылуда деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Ағымдағы жылы Байырқұм ауылдық округіндегі 10 шақырымды құрайтын 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, Арыс қаласындағы жалпы қанағаттанарлық жолдың үлесі 77% артады деп күтүлуде.Қазіргі таңда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 11 көшенің 2 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 9 көшенің жөндеу жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес ағымдағы жылдың қазан-қараша айында аяқталады.