2021 жылдың 22-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Ол өз арызында, белгісіз тұлға «OLX» интернет желісіне сатуға жарнамалап қойған газ плитасын 40.000 теңгеге сатып аламын деп хабарласқанын көрсеткен. Қоңырау шалған азамат банк картасының реквизиттерін ақша аудару үшін сұрап алып, соңында ешқандай да ақша қаражаттарын аудармай, керісінше шотында болған 70.000 теңге ақшасын өзіне белгісіз жолмен аударып алған. Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының тұрғыны анықталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға бейтаныс азаматтарға жеке басына қатысты мәліметтерді жария етпеуге шақырады.