Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы іс-шара өткізілді

Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы іс-шара өткізілді Түркістан облысы жастарының есірткіге, нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында іс-шара өткізілді. Онда Түркістан көпсалалы медициналық колледжінде 200-ге жуық студентке Полиция департаменті ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері есірткі затының қаншалықты зиян екені айтылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қозғалған мәселенің барлығы жастардың болашағы үшін беретін маңызы зор шара екеніне сенімдіміз.Еліміздің болашақ тұтқасы саналатын жас буын өкілдері есірткіден бойларын аулақ ұстап, өз өмірлерін зиянды әдеттерден қорғап, бағалап, болашақтарына балта шаппау аясында ұйымдастырылған шара Түркістан облысы полицейлері тарапынан үнемі өткізіліп тұрмақ.Осы тұста тәртіп сақшылары жасөспірімдерге өмірін керексіз дүниелермен уландырмауға тырысу қажеттігін ескертеді! Еліміздің болашағы –дені сау жас ұрпақ екенін ұмытпайық!

ТО ПД баспасөз қызметі