Үй жануарларының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын ескерту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық және республикалық маңызы бар жолдарға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары мен қосалқы шаруашылық иелері арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
«Ағымдағы жылдың 31 қазанынан 1 қарашасына дейін аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен, оның ішінде әкімдермен, ветеринариялық дәрігерлермен және прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 1-бөлігі бойынша 44 дерек анықталды:
— Байзақ ауданында-5 дерек ;
— Жуалы ауданында — 5;
— Қордай ауданында-3;
— Меркі ауданында-2;
— Мойынқұм ауданында — 5;
— Тұрар Рысқұлов ауданында-9;
— Сарысу ауданында — 4;
— Талас ауданында -11 дерек.
Сонымен қатар, үй жануарларын жарық шағылыстырғыш элементтермен жабдықтау қажеттілігі туралы, сондай — ақ автомобиль жолдарының жанында мал жаюға жол бермеу туралы халықпен кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.
2021 жылдың 27 қазанынан бастап мал жаю ережелерін бұзудың 269 дерегі анықталды, 242 ескерту жасалынып, 27 әкімшілік айыппұл салынды.
ЖО ПД баспасөз қызметі