Жас сақшы қыз автомат құрастыру бойынша рекорд орнатты

Жас сақшы қыз

Кейіпкеріміздің есімі – Есей Гүлсезім. Ол Шымкент қаласының полиция департаментінде өткен автоматты бөлшектеу және құрастыру сайысында бірінші орынды жеңіп алды. 9-сынып оқушысы АК-74 автоматын небәрі 8 секундта бөлшектеп, 9 секундта құрастырып, рекорд орнатты.

«Ұстаздан шәкірт озар» дегендей, Гүлзезім бұл жолды сәтті орындады. Ол үздік нәтиже көрсетіп, тәлімгері Шымкент қаласы ПД Арнайы дайындық басқармасының қызметкері Еділхан Әкімбековті басып озды.

Айта кету керек, «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары үшін департамент қызметкерлері тұрақты түрде саптық дайындық пен құқықтық тәртіп бойынша арнайы сабақтар өткізеді. Аталған жұмыс өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған.

Бүгінде Гүлзезім қатарластарына үлгі. Ал ертең оның өзі болашақ ел қорғаушыларының тәлімгері болатынына сенімдіміз.

Шымкент Қаласының ПД