Түркістанның полицейлері бірнеше велосипедті жымқырған күдіктіні ұстады

Кентау қалалық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын «Кама» маркалы велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның пәтерінің алдында тұрған 50 мың теңгелік велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, велосипед ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, дүкен мен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні 1 тәулік ішінде ұстады. Күдікті, яғни орта жастағы азаматтан ұрланған велосипед алынып, заңды иесіне қайтарылды. Сонымен қатар кентаулық полицейлер күдікті азаматтың осындай бірнеше ұрлық жайттарына қатысы барын анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде күдіктінің бас шарасы қамауда. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға велосипед ұрланбас үшін міндетті түрде ұрлыққа қарсы берік құлыптарды қолдануға кеңес береді. Велосипедіңізді арнайы бейнекамерасы бар тұраққа қойыңыз.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі